SUPER STEM SHOW «Ғылым – магия емес!» атты іс-шара өткізілді. Іс шараның мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, тәжірибе арқылы теорияны дәлелдеу және сыни ойлауын дамыту. Жалпы іс-шараға 8-сынып оқушылары қатысты. STEM шоу барысында оқушылар түрлі қауіпсіз химиялық тәжірибелерді көрсетті: түстердің өзгеруі, газдың бөлінуі, экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Сонымен қатар, бұл шоуда физика, биология, химия элементтері де байланыстырылып, ғылымның өмірмен тығыз байланысы көрсетіледі. Ұйымдастырушы: химия ғылымының магистрі: Амантай Г.Е
9 ақпан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Бұл ақынның 95 жылдық мерейтойына қатысты іс-шараның ашылуы ретінде өткізілді. Көңілді үзілісте ұстаздар мен оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жүрекке жақын жырларын оқыды. Өлеңдері арқылы ақынды тағы бір қырынан таныдық. Мұқағали – өлең емес, ол сезім. Оның жырлары әр қазақтың жүрегінде өмір сүреді…
«Заң және тәртіп» цифрлық сервисін қалай пайдалануға болады? Құқық бұзушылық туралы енді смартфон арқылы – «Заң және тәртіп» сервисімен тікелей хабарлауға болады. Ол сіздің күнделікті қолданатын қолданатын қосымшалардың ішінде бар. Бірнеше секунд, және сіздің өтінішіңіз құқық қорғау органдарына жетеді.Как использовать цифровой сервис «Закон и порядок»? Сообщить о нарушении теперь можно прямо со смартфона – через сервис «Закон и порядок». Он уже интегрирован в ваши привычные приложения. Пара секунд, и ваша заявка уже у дежурного полицейского
Бізде керемет жаңалық ✨ Бүгін мектеп басшысы Оспанова Шолпан Айткуловнаның бастамасымен «Мектеп Inside» бағдарламасы қолға алынды! Бүгінгі сұхбатымызда белсенді оқушыларымыздың бірі, 7-сынып оқушысы Раушан Нұрдана өзінің мектептегі қызықты оқиғаларымен бөлісетін болады. Бұл – жай ғана бағдарлама емес. Бұл – біздің мектебіміздің тынысы, оқушылардың ойы мен арманы. Көріп, пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!✨
2026 жылдың 26-шы қаңтар күні " Заң және Тәртіп" айлығы барысында " Адал Азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын ұйымдастыру мақсатында сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.
4 “Б” сыныбында қазақ тілінен “Ілік септік” тақырыбында А. Ибрагимова ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында балалар білуге деген қызығушылықтарымен, сөз саптауларымен ерекше көзге түсті. Берілген тақырып бойынша диалогқа еркін түсіп, сабақ мақсатына жетті. ЖИ платформаларын қолданып, ұтымды тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыра білді.